Ақтөбе қаласы білім беру қызметкерлері арасындағы спартакиадада «Тоғызқұмалақ» жарысы
Ақтөбе қаласы №8 орта мектебінің базасында 2019 жылдың 13-14 желтоқсан күндері Тәуелсіздік күніне орай қала мектептерінің мұғалімдері арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Жарыс Швейцариялық жүйемен 7 тур бойынша өткізілді. Жоғарыда аталған жарысқа Ақтөбе қаласы №60 жалпы білім беретін орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Көбейсін Әділбек Көбейсінұлы қала мектептерінің ер мұғалімдері арасынан қарсыластарын ұтып, жекелей ІІ жүлделі орынға ие болды және мектебіміздің мұғалімі Назарова Әсемгүл Ерболқызы қала мектептерінің әйел мұғалімдері арасынан қарсыластарын 6 тур бойынша ұтып, жекелей ІІ жүлделі орынға ие болды. Көбейсін Әділбек Көбейсінұлы және Назарова Әсемгүл Ерболқызы Ақтөбе қаласы мектептерінің мұғалімдері арасында командалық есепте жүлделі ІІ орынды иеленді.
[ngg src=”galleries” ids=”56″ display=”basic_thumbnail” thumbnail_crop=”0″]