«Аңсары биік ақын»
Биыл 2020 жылы «Оқитын өлке» акциясы бойынша халық ақыны, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ақтөбе облысының, Темір ауданында туған Нұрпейіс Байғаниннің және танымал ақын, журналист, қоғам қайраткері Мейірхан Ақдәулетұлының шығармалары ұсынылған болатын.
Осыған орай, мектеп кітапханасында «Аңсары биік ақын» атты поэзия сағаты өтті. Шара барысында оқушылар ақын өмірі мен шығармашылығымен танысып, өлеңдерін оқыды. Ақынның балалық шағы жайлы айтқан әңгімелерін бейнебаяннан тамашалады.
Ақдәулетұлы Мейірхан 1950 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы, Темірастау ауылында дүниеге келген. Белгілі ақын, көсемсөз шебері және аудармашы. Ақынның «Бастау», «Жетіген», «Ширақ ғұмыр», т.б жыр жинақтарының, «жел өтіндегі тағдыр», «Бейуақтағы мінәжат» кітаптарының авторы. Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен Ақтобеден 2016 жылдан бастап шығатын республикалық «Адырна» журналының бас редакторы.
Кітапхана бөлімі