“Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу” тақырыбында 9-11-сынып ер балаларына арналған жоспарлы ұлдар жиналысы өткізілді.
10 қыркүйек күні мектебіміздің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен “Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу” тақырыбында 9-11-сынып ер балаларына арналған жоспарлы ұлдар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мұқамбетәзиев, мектеп инспекторы А.Қ.Жұбаназарова жасөспірімдерге қатысты құқықбұзушылық заңдарымен, 🚮🚭📵 құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, бопсалау, күш көрсету және кешкі мезгілде көшеде жүру жайында оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізумен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың не екендігіне, кез келген қоғамдық қатынастардың заңмен реттелетіндігіне, оқушы құқық бұзған жағдайда оның ата-анасына әкімшілік жаза қолданылатыны туралы жан-жақты түсіндіріп берді.


