«№60 ЖББОМ» КММ қамқоршылық кеңес отырысы
2018 жылдың 05 желтоқсан күні «№60 ЖББОМ» КММ қамқоршылық кеңес отырысы өтті. Қамқоршылық кеңесті өткізудегі басты мақсат – қамқоршылық кеңес пен мектеп әкімшілігі арасында бірлескен жұмыс жүргізе отырып, мектептің даму жағдайын қадағалау және мектептің оңтайлы дамуына қажетті шешімдерді қабылдау. Отырыстың І бөлімі бойынша мектептің оқу-тәрбие үдерісіндегі түйіткілді мәселелер қаралып, талқыланды. Атап айтсақ, қамқоршылық кеңес отырысы алдында мектеп әкімшілігінің есебі тыңдалды. Олар:
1. «№ 60 ЖББОМ» КММ қамқоршылық кеңес құрамын жаңарту мәселесі;
2. «Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының сақталуы туралы»;
3. Екпе алмайтын оқушылардың ата-аналарымен жұмыс туралы;
4. «Мектепте білім беру ісінің сапасы туралы» есеп;
5. «2018-2019 оқу жылындағы қосымша ақылы білім беру қызметінің барысы туралы» есеп (қосымша ақылы білім беру қызмет көрсету аясында қаражаттың түсуі және жұмсалуы бойынша есеп тыңдалды);
6. Мектептің есеп-шотына түскен демеушілік көмекті мақсатты жұмсау бойынша шешім қабылдау.
Қамқоршылық кеңестің отырысынан кейінгі ІІ кезеңде кеңес мүшелері мектеп ғимаратын аралап, мектеп директоры білім берудегі материалдық-техникалық базаны жетілдіру және оған қажетті қаржыландыру бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы қозғап, нақтылады. Одан әрі қамқоршылық кеңес мүшелері мектеп кітапханасына, «Жеңіс» спорт орталығына, асхана блогына барып жұмыс қарқынымен тереңірек танысып, оң бағасын берді. Оңтайлы жұмыс нәтижесінде мектеп дамуының бірыңғай стратегиялық бағдарламасы әзірленіп, осы күнтізбелік жылға бірлескен іс-әрекет жоспары үйлестірілді.