Қамқоршылық кеңес пен жалпы мектептік ата-аналар комитетінің бірлескен отырысы
Бүгін, 2018 жылдың 20 сәуірінде «№60 жалпы білім беру орта мектеп» КММ қамқоршылық кеңес пен жалпы мектептік ата-аналар комитетінің бірлескен отырысы өтті. Бірлескен отырыстың басты мақсаты:Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру жолында» атты мақаласы аясында туындайтынмектептің дамуына бағытталған мектепішілік жұмыстарды талқылау және облыс басшысы Бердібек Машбекұлының бастамасы болып табылатын «Бақытты бала – Мәңгілік ел кепілі» атты жобасын жүзеге асыруда айқын мақсатпен игі шараларды ұйымдастыру арқылы үлес қосу.
Бірлескен отырыстың аясында мектептің оқу-тәрбие үдерісіндегі өзекті мәселелер қаралып, талқыланды. Олар:
2018-2019 оқу жылындағы оқу үдерісінұйымдастыру ерекшеліктері: мәселелер мен перспективалар (үш ауысымдық оқыту, мектепалды даярлық топтарының ашылуы және т.б. талқылау);
Оқушыларға жаңа үлгідегі мектеп формасын енгізуді ұсыну (5-9 класс оқушыларына бастауыш класс оқуышлары үлгісіндегі бірыңғай мектеп формасын енгізу);
Мектептегі қосымша ақылы білім беру қызметін жүзеге асырудың қаржылық есебі (қосымша ақылы білім беру қызмет көрсету аясында қаражаттың түсуі және жұмсалуы бойынша есеп тыңдалды);
Жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалармен жүргізілген жұмыстың есебі (жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар құқығының қорғалу, оның сақталу, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету мәселелері қаралды);
«ӘКЕЛЕР» клубының жұмыс жоспары талқыланды.
Қамқоршылық кеңес пен жалпы мектептік ата-аналар комитетінің мүшелері бірлескен отырыстан кейін«АСЫЛ МҰРА» атты мектеп мұражайының ашылу салтанатына қатысты.Аталмыш мұражай Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының идеяларын жүзеге асыру негізінде ашылды.
Әрі қарай қамқоршылық кеңес пен жалпы мектептік ата-аналар комитетінің мүшелері Халықаралық отбасы күніне орай ашылғалы отырған мектеп ауласындағы субұрқақтың негізін қалауға қатысты.Аталмыш субұрқақ тек мектептің емес, «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданын көркейту, абаттандыру жұмысының бірі болып табылады.
Игі істің жалғасы ретінде ата-аналар «Жеңіс» спорт орталығының алдына ауаға, адам ағзасына пайдалы заттар бөлетін қылқан жапырақты ағаштар отырғызды.Мектеп ауласын көгалдандыру, гүлдендіру және абаттандыру жұмысы бойынша қазіргі таңда мектеп ұжымы 15 000 шегіргүл (петуния) өсірді. Алдағы уақытта ата-аналардың қолдауымен барлығы 25 000 шегіргүл (петуния) көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр.
Ата-аналар мен мектеп ұжымының бірлескен жұмысының нәтижесінде мектеп дамуының бірыңғай стратегиялық бағдарламасы әзірленіп, осы күнтізбелік жылға бірлескен іс-әрекет жоспары үйлестірілді.