Биология пәнінен мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиада қорытындысы
Қашықтық олимпиадалар «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы білім беру орталықтарының мұғалімдері, ғылыми мекемелер мен қоғамның қатысуымен тұрақты өткізіп тұрады. Қашықтық олимпиадаларды үйлестіру және оның техникалық қамсыздандыруын «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» порталы жүзеге асырады.
Мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиада орта білім мекемелерінің қызметкеріне жалпы білім беру пәндері бойынша өткізілетіні мәлім. Мұғалімдерге Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы. Ұйымдық жарнасы 350 (үш жүз елу) теңгені құрайды. Мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиадалары бір кезеңнен тұрады, барлығына бірдей күнтізбелік кестеге сәйкес Қазақстан аумағы бойынша екі күн ішінде өткізіледі.
Қашықтық олимпиаданың басты мақсаты мен міндеті – зияткерлік жарыстарға қатысуды ынталандыру, дарынды оқушылар мен мұғалімдерді анықтау, оларға қолдау көрсету, мұғалімдердің шығармашылық қабілетін ынталандыру, кәсіби шеберлікті дамыту.
Жақында қашықтық олимпиаданың биология пәні бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Бұлардың ішінде біздің №60 ЖББОМ биология пәні мұғалімдері де бар. Олар бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған қатысушылар болып саналады.
Дипломдармен І дәрежелі дипломдарды пәндік олимпиадада ең көп ұпай санын жинағандар алады. ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдары нәтиже бойынша 2 және 3 орын алған қатысушыларға беріледі. Бұлардың қатарында Абзал Тажимишев (республикадан ІІІ дәрежелі диплом), Бекова Камшат Маратқызы (республикадан ІІІ дәрежелі диплом және облыс пен аудан бойынша І орын, грамота), Данияр Сабитов (облыс бойынша І орын, грамота және аудан бойынша ІІ орын, грамота) сынды ұстаздарымыз бар.
Атап өтетін бір жайт, құрылғанына бір жарым жыл болған тарихына қарамастан оқу орындарының арасынан ерекше белсенділікті біздің №60 ЖББОМ мұғалімдері мен оқушылары көрсетіп жүр. Республика бойынша тіпті алдыңғы лекте жүр десек те артық айтқандық емес. Бұл дегеніміз мектеп әкімшілігі тарапынан талантты оқушылар мен ұстаздарды анықтау, оларға қолдау білдіру, оқытушылардың шығармашылық қабілетін ынталандыру, кәсіби шеберлікті дамытумен байланысты үлкен қолдаудың бар екендігін көрсетеді.
Қазақстандық интернет-олимпиадасына №60 ЖББОМ атынан қатысқан барлық биолог ұстаздарға таусылмайтын білімге деген аңсауын және барлық жарыстарда жеңістің биік шындарында көрінуіне шын жүректен тілектеспіз. Сіздердің өміріңіз теңіздей білім, мұхиттай даналыққа толы болсын.
№60 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кульжанов А.Б