БІЗ АСҚАН 5 БЕЛЕС

2021 жылдың 29 желтоқсан күні, «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ «БІЗ АСҚАН 5 БЕЛЕС» атты мектептің ашылуына 5 жылдығына арналған кең көлемде өте әсерлі салтанатты шара болды. Аталған шара барысында мектепте 2016-2021 оқу жылдары аралығында мектеп дамуына елеулі үлес қосқан ұлағатты ұстаздар, ата-аналар марапатталды, сонымен қатар мектеп ашылғалы бері аянбай қызмет еткен кіші қызметкерлер де назардан тыс қалмады. 5 жылдық мерекеге орай көпжылдық тәжірибесі бар ұстаздарға «ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗ» төсбелгісі және жылдар бойы еңбек еткен ұстаздар мен ата-аналар және кіші қызметкерлерге «ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН» төсбелгісі табысталды. Мерекелік шараның тағы бір қуанышты сәті – «БІЗ АСҚАН 5 БЕЛЕС» кітабының тұсауы салтанатты түрде кесіліп, оны көпшілікке таныстыру рәсімі жасалды. Осындай айтулы шараны ұжымның ұйымдастыруымен әдемі мерекелік концерт жалғады. Мерекелік концертте жастар мен мектеп мұғалімдерінің үлкен хоры мектеп гимнін орындады, мектеп жанынан құрылған мұғалімдердің би тобы өздерінің би өнерімен тамсандырып, осы білім ордасынан шыққан жұлдызды түлектері әдемі ән шырқады.
            Мектептің қоғамдық-мәдени тыныс-тіршілігіне белсене араласатын ұжым мүшелері мен ата-аналардың белсенділігін, ауызбіршілігін нығайтып, жұмысын ынталандыру және шығармашылық бағытта мектеппен бірлесе жұмыс жүргізу мақсатында «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» әкімшілігінің бастамасымен ұйымдастырған бүгінгі үлкен салтанатты шарада марапатталған ұжым мүшелері мен ата аналар мектептің дамуы үшін жасалатын түрлі жобаларды жүзеге асыруда үлкен жұмыстар атқарды.
Мектептің осындай атаулы мерекесі барша жиналған жұртқа көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, мектеп өмірінен әдемі естеліктерімен бөлісіп, қуанышқа толы ерекше кездесу кешіне айналғандай әсер берді.