ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

2019 жылдың 31 қаңтар күні мектебімізге Қарғалы қалалық ауруханасының инфекционист дəрігері Кайбрахманова Г.К., профилактика бөлімінің дəрігері Сарсембаева Б.К., профилактика бөлімінің мед.ағасы Изтлеуов Б.Н. келіп, қызылша ауруы (қоздырушысы РНК-вирус болып табылатын жіті жұқпалы ауру) жөнінде мұғалімдер мен оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында мамандар аурудың белгілері – жоғарғы дене қызуы (40,5°C-ға дейін), көздің, жұтқыншақтың, жоғарғы тыныс алу мүшелері шырышты қабығының қабынуы, ауыздың шырышты қабығындағы бөртпелер, денедегі дақты-папулалық бөртпелер, жалпы ағзаның улануы арқылы байқалатындығын айтып, маңызды алдын-алу шараларына тоқталды.
“Дені сау ұрпақ -ел болашағы,” – дегендей, мектеп оқушылары дәрігер мамандарға аталмыш тақырып аясында сауалдар жолдап, ғылыми-медициналық ақпараттарға жан-жақты қанықты.