“Жайдарман” ойындарының ақтық бәсекесі

“Әзілің жарасса, атаңмен ойна” – демекші, сөз қадірін білетін халқымыз әзіл-қалжыңға жүйрік. Осы сөзіміздің дәлелі: күні кеше мектебімізде іріктеу сынынан өткен топтар арасында Жайдарман ойындарының ақтық бәсекесі болып өтті. Жыл басында жиырмаға жуық команда қатысып, ақтық додаға алты бірдей топ жолдама алған болатын. Шаршы алаңда шашасына шаң жұқтырмай, финалға жеткен топтармен таныс болыңыздар: “Элита” 10 Ә класы, “Алпыстың алтауы” 10 А класы, “Олигарх” 9 Ә класы, “Болашақ жастары”7 Б класы, “From City” 6″З” класы, “Бауырлар”6 кластар құрамасы. Аталмыш өнер додасына қатысушы командалар қоғамдағы өзекті мәселелерді астарлы әзіл, заманға лайықты талғамдарымен, тапқырлықтарымен жеткізе білді. Мектебіміздің жас жайдарманшылары өзара «кім мықтыны» тауып, үздікті анықтау үшін бұл ойында барын салды. Сонымен, ойын қорытындысы төмендегіше:
3-орын: “Алпыстын алтауы” 10 А класы, 2-орын: “Олигарх” 9 Ә класы және Чемпион – 2019 “Элита” 10 Ә класы. Барлық қатысқан құрама командалар жиналған көрерменге күлкі сыйлап, әдемі ойын өрнегін көрсете білді. «Жайдарман» ойындарының жастардың тұлға ретінде дамуына, тапқырлығын, талантын ашуға ықпалы зор. Осы ретте жастардың құлшынысын қолдап, көптің көзайымына айналған ойынды ары қарай дамыта беру маңызды.

Ұйымдастырушы мұғалімдер: Бүркіталы А.М, Үсенов Н.Б .

Тәрбие бөлімі