Жаратылыстану 2 класс Тақырыбы: Судың түрлі күйі.
Жаратылыстану 2 класс Тақырыбы: Судың түрлі күйі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының ВИДЕОСАБАҚТАРЫ МЕН ВИДЕОЛЕКЦИЯЛАРЫН Интернетте орналастыру керек» – деген тапсырмасын жүзеге асыру аясында мұғалімдер үшін әзірленген әдістемелік бейне сабақ.
Автор: «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш класс мұғалімі – Ерназарова Меруерт Елшибаевна
Класс: 2 «Б»
Мақсаты: Бірінші оқу мақсаты бойынша білім алушылар топта тәжірибе жасап, судың физикалық қасиеттерін анықтайды. Тапсырма әрбір топқа сараланып беріледі. Жүргізілген тәжірибе арқылы қорытынды шығарылып, нәтижесі өзге топ алдында талқыланады. Екінші оқу мақсаты бойынша судың табиғи көздерін анықтайды. Білім алушылар жетістік критерийлері арқылы бағаланып, сабаққа қорытынды жасайды Әдіс-тәсілдер : Сұрақ-жауап, тәжірибе жұмысы.