Жаңа жылдық тосын сый!
Баршамыз асыға күтетін жарқын мереке Жаңа жылға санаулы күндер қалғанда мектеп басшысы Абзал Амантайұлы және директордың орынбасарлары бастаған әкімшілік құрам тосыннан сый жасап, бірнеше балаларды үйіне құттықтап барды. Балақайлардың бал-бұл жайнаған жүзі мен көңілдері қуанышқа бөленген ата-аналар мектеп әкімшілігіне алғыстарын жаудырып, тілектерін айтты. Пандемия жағдайында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жасалған бүгінгі шарамыз өз мәнінде жағымды ахуалда өтті. Аяз ата мен Ақшақарымызды көріп қуанған балаларымыз естелікке суретке түсті. Ендеше, “Қалауын тапса, қар жанар”,-демекші, баланың денсаулығы мен көңіл-күйін көтеру үшін көп нәрсе керек емес, ең бастысы балаға деген шынайы жанашырлық пен риясыз махаббат керек екеніне бүгінгі сапар барысында тағы бір көзіміз жетті.