Заңсыз қаражат жинауға жол жоқ!

Заңсыз қаражат жинауға жол жоқ!

Мектепте заңсыз қаражат жинаудың алдын-алу мақсатында 2018 жылдың қазан айында МЕКТЕПТІҢ ДЕМЕУШІЛІК ЕСЕПШОТЫ ашылған болатын. Демеушілік – кез келген азамат немесе мекеменің мектепке өз еркімен көмек көрсетуі. Демеуші өз жақсылығының моральдық тұрғыдағы қайтымын көруге қақысы бар. Мысалы, мектеп қабырғасында оның аты жазылған тақтайша іліп қою. Министрлік елдегі барлық мектептерге қамқоршылық кеңес институтының енгізілуін қолға алған болатын. Қазір қайырымдылық көмек пен демеушілік ретінде ата-аналар мен басқа да мекеме, азаматтардың атынан келіп түсетін қаражаттың жұмсалуы мен ақша аудару тәртібін реттейтін бірқатар нормативті құқықтық актілер бар. Қазіргі таңда демеушілік есепшотта ерікті түрде жинақталған қаражат сомасы 1 412 800 теңгеге жетті. Бұл қаражаттың ретті жұмсалуы мектептің қамқоршылық кеңестің қатаң бақылауында. Алдағы уақытта осы қаражат мектептің қажеттіліктеріне жұмсалатын болады.
МЕКТЕБІМІЗГЕ ДЕМЕУШІ ЖӘНЕ ҚАМҚОРШЫ БОЛЫП ЖҮРГЕН АТА-АНАЛАРЫМЫЗҒА ҮЛКЕН АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!