«Мектепке жол!» Республикалық акциясы


Жайдарлы жаздың рақатына бөленген бүлдіршіндеріміздің білім нәрімен сусындар мекені-аяулы мектебімен де қауышар күн таяп қалды! Ендеше ата-аналар да, балалар да мектепке қызу дайындық үстінде екені баршамызға мәлім.
Балалар үшін шаттыққа толы әрі қайталанбас мереке, 1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында қоғамымызда жастайынан «жоқшылықтың» дәмін көріп, бейкүнә сәбилердің ішкі мұңын сейілтіп, жанашырлық танытып, мектебіміздегі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға демеушілік қолдау көрсетуіңізді сұраймыз!
Қоғам қашан да жаны жомарт, болмысы мәрт, ірі істер мен баянды бастамалардың бас-қасынан табылатын жандарға арқа сүйейді. Қоғамдағы адамгершілік пен ізгі қасиеттер өздеріңіздей азаматтардың қосқан қомақты үлесі деп есептейміз.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуді бірігіп қолға алсақ, әлеуметтік көмекті қажет ететін халқымызға жасаған бірден-бір қамқорлығымыз болар еді.
Көмекті оқу құрал, сөмке, мектеп формасы және мектептің демеушілік шотына қаржылай аудару арқылы да көрсете аласыздар!
Мекенжайы: Қарғалы 12А, №60 ЖББОМ.
Тел.: 8 (71 32) 44-58-00
8705 839 23 86
Реквизиттер:
«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
БИН 160940012760
ЖСК KZ910704034644942001
Спонсорский счёт
БИК KKMFKZ2A
Код 16
АО «Евразийский банк», филиал №3.”