Мектеп және қамқоршылық кеңестің өзара тиімді іс-әрекеттестігі

 

Мектептің қамқоршылық кеңесінің ережесі – оқу-тәрбие үрдісінің жақсаруын арттыруға, мектептің барлық кеңестерінің мүшелерін мектептің іс-шараларын ұйымдастырып, қатыстыртуға, өзін-өзі басқару жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған болатын. Қамқоршылық кеңес мектептегі оқыту және тәрбие жұмысын материалды-техникалық қамтамасыз етуді және оқу-тәрбие мен инновациялық үрдісті жақсартуға септігін тигізуге құрылған. Қамқоршылық кеңестің негізгі атқаратын міндеттері ретінде білім жүйесінде оқыту мен тәрбие үрдісінде практикалық көмек көрсету; оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер арасында біріккен жұмыста жайлы жағдай жасау; оқушылардың  шығармашылық, интеллектуалдық және рухани  қабілеттерін арттыруға жағдай жасау; оқу-тәрбие үрдісінің жұмысын жақсартуды қамтамасыз ету; материалды-техникалық қамтамасыз етуді нығайту жұмыстары кіреді. Осы жұмыстарды жандандыру мақсатында 2019 жылдың 28 ақпан күні “Мектеп және қамқоршылық кеңестің өзара тиімді іс-әрекеттестігі” тақырыбында кезекті қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Кеңес отырысында құқықбұзушылыққа бейім жасөспірімдермен жұмыс, аз қамтылған отбасы оқушыларына көмек көрсету мәселелері туралы, “Қамқорлық” қайырымдылық акциясының қорытындысы туралы, білім беру ұйымдары білім алушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру туралы және пән негіздері бойынша облыстық олимпиадада және республикалық деңгейде Кіші Ғылым Академиясында дәрежелі орын алған оқушылардың мұғалімдерін марапаттау туралы мәселелер қаралып, қамқоршылық кеңес мүшелері қарастырылған әр сұрақтар бойынша тиімді әрі оңтайлы шешім қабылдады. Отырыстың екінші бөлімінде мектебіміздің жертөлесінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдсстыру бағытында балалар игілігі үшін жасалып жатқан құрылыс нысандарымен, яғни бірқатар тиімді жұмыстардың барысымен танысты.