“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП – ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰЛТ”

“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП – ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰЛТ” жобасын жүзеге асыру мақсатында #60 ЖББОМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Абен Талғат, сіздерге кітапханамызда толықтырылған жаңа бағыттағы кітаптар тізбегімен танысуға кеңес беремін.

Көшбасшы – көшті бастаушы әрі басқарушы. Бірінші болуды қалау, басқалардан оқ бойы озық тұру, алға қойған мақсатына жетпей қоймау – адам табиғатында бар нәрсе. Қазіргі кезде қолданылып келген мағынасы, көшбасшы – (ағылшынша leader – басқарушы) – бұл басқа адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға бағыттай алады. Адам көшбасшы болып туылмайды, көшбасшы болып қалыптасады. Басқару үшін адам бірінші өз өзін, өзінің өмірін басқарып үйренуі керек. Көшбасшы болу – заман талабы. 

Жоғарыда айтып кеткендей, көшбасшылықты тек үйренуге болады. Ол үшін бойымыздағы шынайы Көшбасшыға тән қасиеттерді қалыптастыруға, дұрыс мақсат қоя білуге мектеп кітапханасындағы келесі кітаптарды бірге оқуға шақырамын!

  1. 7 НАВЫКОВ ЭФФЕКТИВНЫХ ЛЮДЕЙ – СТИВЕН Р. КОВИ 
  2. 10 КНИГ КОТОРЫЙ ДОЛЖЕН ПРОЧИТАТЬ КАЖДЫЙ МЕНЕДЖЕР 
  3. КӨШБАСШЫЛЫҚ- ЛИДЕРСТВО 
  4. ЦЕЛЬ – М. ГОЛДРАТТ 
  5. АҚЫЛДЫ БАЛА