Патриоттық тәрбие ─ мемлекет болашағының маңызды құрамы
Отанға деген махаббат неден басталады? Балаларды патриоттық сезімге қалай тәрбиелеуге болады? Қалай жүзеге асыруға болады? Жиырмасыншы жылдардың соңында біздің мемлекетіміз түбегейлі өзгергендігі ешкімге де жұмбақ емес. Бұл өзгерістер оқушылардың патриоттық сезімдерінің айғағы іспеттес. Тәртіптің көзі оқушылардың патриоттық тәрбиелерінің бірден – бір кілті болып табылады. Патриоттық тәрбие мектепке дейінгі кезеңнен бастап, мектеп қабырғасында жалғасуы керек.
Біздің елімізде тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, оның әлеуметтік- экономикалық көтерілу сатысы және әлемдік масштабта ұлттың болашағы еліміздің Президенті Н.Н.Әбішұлының көшбасшылығымен байланысты.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні ұлы және маңызды мерекелердің бірі болып саналады және мемлекет тағдырына жауапты адамға терең құрмет танытады. 25 жыл аясында Н.Н. Әбішұлының мемлекетіміздің тәуелсіздігін, ішкі және сыртқы саясатын нығайтудағы еңбегі әлемдік және өңірлік ауқымда танылып, халықаралық, қауымдастықтың сыйластығына ие.
22 қараша күні №60 жалпы білім беретін орта мектепте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған әскери – патриоттық сайысы өтті. Ұйымдастырушылар оқушылардың бойындағы патриоттық, татулық, ұлттық ауызбіршілік және өз еліне деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру мақсатын алға тартты.
Сайысқа мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары қатыстып, өздерінінің спорттық қабілеттерін: белтемірге тартылу, жүгіру эстафетасы және әскери дайындықтарын көрсете білді. Нәтижесінде: 9 “Б” сынып оқушылары бірінші орын, 8 “Ә” сынып оқушылары екінші орын, 8 “Г” сынып оқушылары үшінші орын иеленді.
Осылайша аталмыш сайыс мектептегі патриоттық тәрбие бағытының бір бөлігі болып орын алды.
Ілімбаева А.С.