Республикалық “Орта білім беретін үздік ұйым” байқауы

Бүгін, 25 тамыз күні педагогтер мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің “Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері” тақырыбында пленарлық отырысы өтті. Тамыз кеңесіне облыс әкімі О.О.Сейілұлы, Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағалары, Білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер қатысты. Пленарлық отырыс Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Л.А.Уразбаеваның алғысөзімен басталып, кеңес барысында алдағы оқу жылына арналған міндеттер мен оқу жүйесін дамыту перспективалары белгіленді. 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша орта білім беретін үздік ұйым анықталып, №60 жалпы білім беретін орта мектеп Республикалық “Орта білім беретін үздік ұйым” байқауының грант жеңімпазы атанды! 8500000 (сегіз миллион бес жүз мың) көлеміндегі грантқа ие болып, тағы бір жетістікті еңсердік!. Кеше ғана бой көтерген мектебіміз үшін толағай осындай табыстарға қол жеткізу – үлкен жетістік, зор мақтаныш, биік мәртебе!!! «Қазақтың тағдыры, келешегі мол ел болуы да мектептің қандай негізге құрылуына тіреледі» – деп ұлы педагог М. Жұмабаев айтқандай, Абзал Амантайұлының бастаған мектебіміздің іргетасы берік, келешекке кемел болсын !