Тәуелсіздік күнімен құттықтау!
Құрметті Нұр Ақтөбе мөлтек ауданының тұрғындары, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар мен зейінді оқушылар! Ұлттық қасиетіміз бен рухани құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік, жүрегіне қаншама адамды сыйғыза алатын көңілі дархан халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күніне биыл 29 жыл толды. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп, көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген әр азаматты Ұлттық мерекемізбен құттықтаймын! Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай. Әрқайсымыздың қажырлы еңбегіңізбен сүйікті Отанымыз – Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін! Баршаңызға игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Елімізге келген індет түбегейлі жойылып, ҚАЗАҚСТАНЫМЫЗДЫҢ ҒЫЛЫМЫ МЕН БІЛІМІ, ЭКОНОМИКАСЫ ДАМЫП, ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҒЫМЫЗДЫҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛДЕНЕ БЕРСІН!
Құрметпен, мектеп директоры Тажимишев Абзал Амантайұлы