ШЫН ЖҮРЕКТЕН, МЫҢ АЛҒЫС!

Біз үшін түн ұйқысын тәрк етіп, құба талды бесігін тербеткен – АНАМЫЗҒА мың алғыс! Жығылғанда сүйенер тіреуіміз әрі сын сағатта қасымыздан табылатын қолдаушымыз – ӘКЕМІЗГЕ мың алғыc! Өмірдің өткелдерінде қиындыққа тап келгенде серігіміз бола білген – ШЫНАЙЫ ДОСҚА мың алғыс! Арманның ең асқағына жетелеген, өз баласындай мәпелеген – ҰСТАЗЫМЫЗҒА мың алғыс! Даладай дарқан пейілі үшін, жүздеріндегі жылулық, мейірімі үшін – ҚАЗАҒЫМ, саған мың алғыс! Халқымыздың қолдауы мен сеніміне ие болған, елді сындарлы саясатымен болашаққа айқын жол бастап келе жатқан – ЕЛБАСЫМЫЗҒА мың алғыс!