Қарттарын қадірлеген ел ардақты
“Қарттарын қадірлеген ел ардақты”,-демекші, қашан да қариясы бар елдің – қазынасы бар. Әр жыл сайын елімізде 1-қазан Қарттар күні болып аталып өтуде. Айтулы күнге орай 2018 жылдың 24 қыркүйек күні #60 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен өнерлі ұстаздар мен жас өнерпаз оқушылар, ата-аналар Ақтөбе қаласындағы Қарттар мен мүгедектер үйіне барып, қарияларға мерекелік концерт қойып, сыйлықтар тарту етті. Мектеп ұстаздары мен оқушылары сағынышпен үнемі алаңдап отыратын жандарға ерекше көңіл-күй сыйлап, ақылы дария қариялардың алғысына бөленді.