Қысқы демалыс кезіндегі қызықты, көңілді күндер
Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге өндіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс. Бала жанын терең түсіне білетін ол – мұғалім. Шәкіртіне дәріс берумен қатар, өмірмен тығыз байланыс таба білген ұлы тұлға мұғалімдеріміз оқушылардың әр күнін қызықты да, көңілді өткізуге бел буған. Осы орайда қысқы демалыс кезінде мектебіміздің балалардың өмірімен және денсаулығын сақтау, балалардың талаптарын қолдау, іс-қимыл және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында құрылған жоспар бойынша бастауыш класс мұғалімдері оқушыларымен қаламыздағы мәдени, ойын орталықтарына саяхат жасады.
Қысқы демалысын өткізудің мақсаттары:
- Қысқы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру.
- Балалардың денсаулығын және іс-қимыл күштерін нығайту.
Осы мақсаттарды жүзеге асыруда 03-06 қаңтар аралығында оқушылардың арасында өткізілген іс-шаралар жүзеге асырылды. Іс-шаралар жоспарына мектептің барлық бастауыш сынып оқушылары қамтылды.
Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп,не істейтіні маңыздырақ.Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп,не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер,міне,осынысымен бағаланады.
2-4 класс жетекшілері оқушыларының демалысын қызықты өткізуге атсалысты. Оқушылар демалыс кезінде «Локомотив» кино театрына, «Әлия» мұражайына, «Капитан бринг» ойын орталықтарына барып, көңілдерін көтерді.Демалыс кезінде оқушылармен тығыз байланыста болған класс жетекшілер: А. Нуркасова, А.Отаралина, Т.Мырзабаева, Д.Орынбекова, А.Сейілова, С.Есенгазина, Ж.Нурманова, А.Сагиндикова,Г.Аманжол және тағы басқа мұғалімдер.
Дайындаған: Кужахметова А.С