Құқықтық кеңес

11 желтоқсан күні мектебімізде 8-сынып жетекшілерінің тікелей қатысымымен, ал 5-11 сынып жетекшілерінің ZOOM платформасы арқылы қатысуымен кезекті құқықтық кеңес өтті. Құқықтық кеңесте әр сынып жетекшісінің есебі тыңдалып, күн тәртібіндегі мәселелер қарастырылып, ұсыныстар мен шешімдер қабылданды. Мектеп оқушыларының құқық пен заңға қайшы әрекеттеріне қарсы тұру, сонымен қатар олардың толыққанды сапалы білім алуына жағдай жасалуы, оқушылармен жүргізіліп жатырған тәрбие жұмысын, оқушылардың тәртібі және тұрмыстық жағдайының зерттелуін, психологиялық қызметтің жүргізілуін бақылау, келеңсіз жағдайдың алдын алу мақсатында әр апта сайын осындай құқықтық кеңес өткізіліп келеді. Қазіргі қашықтан оқыту жағдайында сынып жетекшілердің тәрбие бағытында атқарып жатқан жұмысы осы құқықтық кеңес арқылы қадағаланып, тәрбие жұмысының өзекті мәселелері талқыланып келеді.