“Құқық бұзу – күлкі емес!” атты “Жайдарман” ойындарының мектепішілік кезеңі
30 қараша күні мектебімізде 8-11 сынып оқушылары арасында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының жоспары негізінде құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған “Құқық бұзу – күлкі емес!” атты “Жайдарман” ойындарының мектепішілік кезеңі өтті.
Креативті топтар өздерінің тапқыр әзілдері арқылы қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеріп, көрермендерге ой салды.
Қазылар алқасы үздіктерді анықтап, барлық қатысушылар алғыс хатпен марапаттаса, жеңімпаз болған командалар диплом және кубоктармен марапатталды
Нәтижелер:
1 1-орын: 8 “Ә” сыныбынан құралған “Олигарх” командасы
2 2-орын: 8 “А” сыныбынан құралған “Liverpool” командасы
3 3-орын: 10 “А” сыныбынан құралған “10 “А” серілері” командасы
Арнайы номинациялар:
“Үздік ойыншы”: Ержанов Ернар, 8 “Ә” сыныбының оқушысы
“Көрермен көзайымы”: 10 “Г” сыныбынан құралған “GGG” командасы
“Ең шығармашыл команда”: 11 “А” сыныбынан құралған “3-тің кубы” және 8 “К” сыныбынан құралған “Күлкі time” командалары
Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!