Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың қауіпсіздігі үшін түнгі уақытта үйден тыс жерлерде болуға қатысты ережелерді білу маңызды.
- Бала кім? Бала – 18 жасқа толмаған тұлға.
- Кім заңды өкіл бола алады? Бұл ата-ана, қамқоршы, қорғаншы, бала асырап алушы немесе арнайы рұқсаты бар басқа да өкілдер болуы мүмкін.
Тыйым салынатын уақыт:
Ойын-сауық мекемелерінде – сағат 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін заңды өкілінсіз болуға тыйым салынады. Мекемелерге: ойын клубтары, түнгі клубтар, кафе, барлар, интернет-кафелер, бильярд бөлмелері, кинотеатрлар, және басқа да ойын-сауық нысандары кіреді.
Көшеде – 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін заңды өкілсіз болуға болмайды.
Ереже бұзылса не болады? Егер бала осы уақытта үйдің жанында тұрса да, полиция оларды заңды өкілдеріне жеткізуге міндетті.
Жауапкершілік: Егер бала заңды өкілсіз тиісті емес уақытта жүрген болса:
- Ойын-сауық мекемелерінде сағат 22:00-ден кейін болса, ата-анасына 3 АЕК айыппұл салынады.
- Көшеде сағат 23:00-ден кейін болса, алдымен ескерту беріледі, қайталанса, 7 АЕК айыппұл төлеуге тура келеді.
Заңды өкіл тек ата-ана немесе ресми қамқоршы болуы мүмкін. Басқа тұлғалар, соның ішінде көршілер, дос немесе туыстар заңды өкіл ретінде саналмайды. Сондықтан балаларыңыздың түнде қауіпсіз жерде екеніне көз жеткізіңіз.
Ата-аналар, балаларыңыздың қауіпсіздігі өз қолдарыңызда!
Баланы дұрыс уақытта үйде ұстау арқылы оның қауіпсіздігіне үлес қосайық!
