Қас қағым сәт
“Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен “Қас қағым сәт” жас фотосуретшілер байқауына 1 «Ә» класс оқушысы Жақып Зере, жетекшісі Отаралина Айнур Елеуовна, 4 «К» класс оқушысы Вадимова Диана, жетекшісі Асқатова Самал Қайратқызы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Өз өлкесінің табиғаты мен жануарлар әлемін танып білуге ұмтылған, оларға қамқорлық жасауға өз үлесін қосқан кішкентай фотосуретші Зере мен Диананы шын жүректен құттықтаймыз!



