Қазақстан балалары – шексіз әлемде» республикалық балалар киносы фестивалі-2025
«Қазақстан балалары – шексіз әлемде» республикалық балалар киносы фестивалі – балалар мен жасөспірімдерге шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өз өнерін көпшілікке көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды алаң. Кинометаграфия арқылы олар адамгершілік, эстетикалық және әдеби құндылықтарды бойына сіңіріп, өнерге деген қызығушылығын арттырады.
Фестиваль балалардың рухани және зияткерлік дамуына оң әсер етіп қана қоймай, олардың сыни ойлау, командамен жұмыс істеу және сахна мәдениетін меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар, дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Балалар мен жасөспірімдерге өз армандарын жүзеге асыруға жол ашатын, шабыт пен сенім сыйлайтын бірегей жобалардың бірі.
«Қазақстан балалары – шексіз әлемде» республикалық балалар киносы фестивалінде мектеп оқушылары қала, облыс кезеңдерді үздік нәтиже көрсетіп республикалық кезеңге жолдама алды. Бұл жеңіс – оқушылардың таланты мен табандылығының, ұстаздардың бағыт-бағдары мен еңбегінің жемісі. Оқушыларымыздың жетістігі – мектебіміздің мақтанышы! Шығармашылық шабыт, толағай табыстар мен биік белестер тілейміз жеңмпаздарға!
- 5 «В» классс оқушысы Нұржанқызы Айнамкөз «Деректі кино» номинациясы Шерхан Мұртазаның “Интернат наны” кітабына таныстырылым, жетекшісі Маруова Айсулу Канатовна
- 10 «Г» класс оқушысы Кәдірханова Қарақат «Анимация» номинациясы “Қазақстан балалары шексіз әлемде” Кәдірханова Қарақат, жетекшісі Сәрсенбайқызы Гүлсезім мен Нияз Әсем
- Муканова Фатима «Үздік ғылыми-танымал фильм» номинациясы “Креативке толы білім ордасы: менің мектебім” Бисенғали Жансая Қуатқызы, жетекшісі Бисенғали Жансая Қуантқызы
- 9 «Ә» оқушысы Түлкібай Ақниет «Телевизиялық сюжет» номинациясы Арнайы Репортаж: «82 ЖББОМ: Болашақ Білім Ордасының Ашылуы”, жетекшісі Ержан Айсана Марсқызы
- 2 «Ә» класс оқушысы Мұқамбетәзи Думан «Балаларға арналған ең үздік телебағдарлама» номинациясы “Арманға жетелеген домбыра”, жетекшісі Ешмұқанова Ақмарал Қазыбайқызы









