Қыз балаларға арналған дөңгелек үстел
🗓️ Тақырыбы: «Қыздар арасындағы достық – әдеміліктің айнасы»
Мектебімізде қыздар қауымына арналған «Қыздар арасындағы достық – әдеміліктің айнасы» атты танымдық кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірім қыздар арасында өзара сыйластық пен сенімді қарым-қатынас орнату, мейірім мен инабаттылыққа тәрбиелеу.
Кездесуге мектеп психологы, әлеуметтік педагог және дәрігер маманы қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Психолог қыз баланың ішкі мәдениеті мен өзін-өзі құрметтеудің маңыздылығын түсіндірсе,
дәрігер ерте жүктіліктің салдары, оның денсаулыққа және болашақ өмірге тигізетін әсері туралы кеңінен баяндап, алдын алу жолдарын түсіндірді.
Қыздар топтық талқылаулар мен жағдаяттық сұрақтарға белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Кездесу соңында қатысушылар достықтың, сұлулықтың және жауапкершіліктің бір-бірімен тығыз байланыста екенін атап өтті.
🌷 Достық – әдеміліктің айнасы, ал әдемілік – рухани тазалықтың белгісі!

Қазақша
Русский