«ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2025» БАЙҚАУЫ АЯСЫНДАҒЫ 5️-ШІ КЕЗЕҢ – «САБАҚ ЖОСПАРЫН ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖОСПАР ҚҰРУ ӘДІСІ БАЙҚАУЫ ӨТТІ.
2025 жылғы «Үздік мұғалім» байқауы аясындағы 5️-ші кезең – «Сабақ жоспарын құрудың негізгі қағидаттары» тақырыбында жоспар құру әдісі байқауы өтті. Бұл кезеңнің басты мақсаты – мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін, әдістемелік сауаттылығын, сондай-ақ оқу үдерісін тиімді ұйымдастыра білу қабілетін анықтау болды.Аталған кезеңде 3️4 мұғалім өз пәні мен сыныбына сәйкес қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ) құрып, оны сараптамалық бағалау үшін әділ қазылар алқасына ұсынды. Барлық қатысушыларға алдағы кезеңдерге сәттілік,шығармашылық табыс жаңашыл басталмалар мен кәсіби даму тілейміз.