“ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2025” КОНКУРС-МАРАФОНЫНЫҢ 2-ШІ КЕЗЕҢІ
“Үздік мұғалім-2025” конкурс-марафонының 2-ші кезеңі – «Кітап оқу – зейін мен креативтілікті дамытудың құралы» атты әдеби шығармаларды оқу байқауы жалғасуда.Байқауға қатысқан 65 мұғалімнің 8-і өздерінің, жұмыстарын комиссия алдында табысты қорғап, шығармашылықтарын таныта алды. Байқау талаптарына сәйкес, мұғалімдер 5 әдеби шығарманы оқып, солардың бірін терең, талдап, өз пікірлерін ашық әрі шығармашылықпен жеткізе білді.
Қатысушылар өз талдауына бейнетаныстырылымдар дайындап, оны ұсынды.