«ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2024» БАЙҚАУ-МАРАФОНЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2024 жылдың 19 желтоқсанында Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында «Үздік жас маман-2024» байқау-марафонының қорытынды марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті.Бұл шарада педагогикалық еңбек өтілі 5 жылға дейінгі мектеп-гимназияның жас мамандары өзара бақ сынасып,шеберліктерін көрсетті. Марафон нәтижесінде үздік деп танылған жеңімпаздар келесі реттілікпен марапатталды:

Бас жүлде – география пәнінің мұғалімі Әуес Қызғалдақ Нұрланқызы (300 000 теңге)

  • 1-орын – математика пәнінің,мұғалімі Құрақбаева Назерке Ғаниқызы(200 000 теңге)
  • 2-орын – үш жеңімпаз:
физика пәнінің мұғалімі Худайбергенов Нұрлан Мұхтарұлы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің, мұғалімі Ерік Ақмарал Ерікқызы,АӘТД пәнінің, мұғалімі Мұқаш Баймен Айбекұлы (әрқайсысы 150 000 теңгеден)
  • 3-орын – үш жеңімпаз:

Информатика пәнінің мұғалімі Әбілтай Нұрбол Әмитжанұлы, логопед маман Игібаева Нұржайнар Сахиқызы,математика пәнінің мұғалімі Бисенғали Жансая Қуаткызы (әрқайсысы 100 000 теңгеден)

Сонымен қатар, байқауға қатыскан 9 жас маман түрлі номинациялар бойынша марапатталып, әрқайсысы 50 000 теңге көлемінде сыйақыға ие болды. Байқау-марафонның жалпы жүлде қоры 1 700 000 теңгені құрады. Бұл шара жас педагогтердің кәсіби дамуына ықпал етіп, олардың шығармашылық, әлеуетін арттыруға ерекше серпін берді.