Ұстаз – ұлағатты есім

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Ұстаз – екінші ана.  Әсіресе бастауыш класс оқушылары үшін анасынан кейіңгі ең жаңашыр, қамқор адам. Әр оқушы өз ұстазына ұқсағысы келетіні сөзсіз. 

Мектебімізде бастауыш сынып оқушылары үшін «Мектеп асханасында сүйікті ұстазыммен …..» тақырыбында сынып жетекшілермен бірге тамақтану іс-шарасы ұйымдастырылды. Оқушылар күнделікті тазалықты, тамақтану әдебін сақтай отырып тамақтанады.