ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС №5
Әдістемелік кеңестің кеңейтілген құрамымен №5 отырыс өткізілді. Кеңес барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Р.Сарина “Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін интеграциялап оқытуда заманауи технологияларды қолдану” тәжірибелік-эксперименттік алаңының жылдық жұмысының қорытынды есебін және қазақ тілі мен әдебиеті пәні, орыс тілі мен әдебиеті пәні, ағылшын тілі пәні әдістемелік кафедраларының меңгерушілері 2 жылдық салыстырмалы талдау есебін берді. Отырыс барысында қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.