Өз болашағыңды өзің жаса!
Абай атамыз: “Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалам” демекші кәсіп таңдап, жұмыс табу үлкен өмірге қадам басқан жастардың басты мұрат-мақсаты десек артық емес. Осы орайда, 11 – класс оқушылары арасында «Өз болашағыңды өзің жаса!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оқушыларға мамандықтар туралы мәлімет беріліп,тұлғалық және кәсіби өзін-өзі табуына, таңдау еркіндігінің дұрыстығына бағыт бағдар беріліп, оқушыларға психологиялық қолдау жүргізілді.