Өрілген шаш-өскен елдің белгісі!

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе – елдің көркі…» деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!

Шаш өру-бұл біздің мектептің ішкі тәртіп ережесі ғана емес,қазақ қызының басты сұлулығының нышаны. Оның ерекше қасиеті де жоқ емес. Ежелден келе жатқан салт-дәстүрімізге сай қыз бала шашын өріп, шолпы немесе шашбау тағатын болған. Осы қос бұрым көздің жауын алып, таңдай қақтыртқан. Нәзік болмысын айшықтауға көмектескен.