“Өзің оқып, өзгеге ұсын” жобасы аясында 5–8 сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстары таныстырылды
Бүгін мектеп кітапханасында ерекше шығармашылық атмосфера қалыптасты. Балалар кітапханасы жобасы аясында 5–8 сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған “Өзің оқып, өзгеге ұсын” атты танымдық әрі қызықты шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Шараға 5–8 сыныптан қатысқан оқушылар өздері оқыған сүйікті кітаптарын өзгеше форматта таныстырды. Оқушылар кітап желісін комикс, сурет, диорамалық композиция, эссе, шығармашылық баяндама секілді түрлі жұмыс түрлері арқылы бейнелеп, өз қиялын еркін жеткізді. Әр еңбек балалардың ішкі сезімі мен кітапты қабылдау ерекшелігін айқын көрсетіп, оқырманға жаңа көзқарас сыйлады.
Іс-шараның басталуында кітапханашы оқушыларға кітап оқу мәдениеті, өз көзқарасын шығармашылықпен жеткізудің маңызы туралы қысқаша ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар балалар белгілі шығармаларға арналған қызықты баяндамаларды тыңдап, кейіпкерлер әлеміне терең бойлады.
Шараның ерекше бөлігі – жасанды интеллект арқылы сұрақ-жауап алаңы болды. 5–8 сынып оқушылары өздері оқыған кітаптарға байланысты көкейдегі сұрақтарын қойып, жылдам әрі мазмұнды жауаптар алды. Бұл бөлім балалардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, жаңа технологияны оқу үдерісіне қолданудың тиімділігін көрсетті.
Іс-шара соңында оқушылар бір-бірінің жұмыстарымен танысып, өздеріне жаңа кітаптар туралы ұсыныстар алды. “Өзің оқып, өзгеге ұсын” жобасы балалардың оқу мәдениетін дамытып қана қоймай, олардың шығармашылық ойлау қабілетін, талдау дағдысын жетілдіруге ықпал етті

Қазақша
Русский