🎓 Жас мамандарға әдістемелік қолдау — кәсіби дамудың бастауы!  

Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында жас мамандарға арналған әдістемелік көмек отырысы өтті. 
📝Жиында оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру, сабақ құрылымын жүйелеу, әдістемелік талаптарды сақтау сынды маңызды бағыттар қамтылды. Ішкі тәртіп сақтау, сабаққа уақытында келу, құжаттарды дұрыс жүргізу және сабақ талдау ережелері де кеңінен талқыланды.  
⚜️Бұл кездесу жас мамандардың тәжірибе алмасуына, кәсіби біліктілігін арттыруына және ұжыммен үйлесімді жұмыс істеуіне үлкен септігін тигізуіне ықпал етеді!
🕯 Жиын соңында “Шырақ” рефлексиясы ұйымдастырылып, жас мамандар алған әсерлерімен бөлісіп, болашаққа сенімділікпен қадам басуға мотивация алды.