📌 Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында 2025–2026 оқу жылының №2 әдістемелік кеңесі өтті.
📆30 қазан 2025 жыл
Кеңес барысында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру, заманауи білім беру технологияларын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, инклюзивті білім беру, жас мамандарды қолдау, жасанды интеллектті білім саласында қолдану және тоқсандық нәтижелерге талдау жасалды.
Біліктілікті арттыру курстарынан өткен мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестер арасында тиімді пікір алмасу жүргізілді.
✨ Кеңес қорытындысында ұсыныстар қабылданып, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.
Бірлескен еңбектің нәтижесі – сапалы білім! 📚🤝






Қазақша
Русский