🧠 Жасанды интеллект – болашақтың кілті  

15 қараша күні Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында жас мамандардың кезекті отырысы өтті. Бұл жолғы кездесудің басты тақырыбы – заманауи технологияның жаңа белесі, яғни *жасанды интеллект* болды.

🔍 Жас мамандарға жасанды интеллекттің білім саласындағы маңызы мен қолдану бағыттары жайлы маңызды мәліметтер ұсынылып, тәжірибелік тапсырмалар берілді. Пікір алмасу арқылы жас мамандар өз білімдерін тереңдетіп, жаңа идеяларға қанықты.

🎨 Отырыс соңында қатысушылар алған әсерлері мен білімдерін шығармашылық тұрғыда жеткізді. Олар жасанды интеллект жайлы ойларын қағаз бетіне сурет арқылы түсіріп, өз көзқарастарын көркем бейнелеуге тырысты.

💡 Осындай басқосулар жас мамандардың дамуына серпін беріп, білім мен тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік сыйлайды.