10-11 класс   оқушыларымен «Лудомания:Жасөспірім үшін қауіпті жол!»  тақырыбында жүргізілген профилакктикалық жұмыстың анықтамасы

Отырыс мақсаты: Ойынқұмарлықтың адамның өмірін бұзып, психикалық және физикалық денсаулығына әсер етуі туралы мағлұмат беру; Тәуелділік туралы мағұлмат беріп, зардабымен таныстыру.

Өткізілген күні: 20.01.2025 ж

Қатысқандар :  10-11 –  класс оқушылары

Өткізілген формасы: Профилактикалық кеңес таратылды.

    Оқушылардың санасын улап, олардың психикасына кері әсер етіп, болашағына балта шапқан проблемалардың бірі лудомания болып отыр. Жасөспірімдердің интернетке тәуелділігі – бұл жасөспірімдердің интернетті шамадан тыс және бақылаусыз пайдалануынан туындайтын психологиялық және мінез-құлықтық жағдай. Осы орайда Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің майоры А.С Смаилов пен аға-лейтенант И.Т Есентаевтың қатысуымен “Лудомания:Жасөспірімдер үшін қауіпті жол!” тақырыбында 10-11 класс оқушыларына профилактикалық алдын-алу жұмыстары жүргізілді. Мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары А.Қ Аманғосов Лудомания- психологиялық ауру болып табылатынын, ол адамның өміріне теріс әсер ететіні жөнінде мәліметтер берді. Сонымен қатар мектеп психологтары интернеттің пайдасы мен зияны туралы оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастырды.