11-сынып оқушыларының жарқын жетістігі!!!
11-сынып оқушылары Сағындықов Санжар мен Дауылбаев Данабек 17-сәуірде Совет Одағының екі мәрте батыры, ұшқыш Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс Күштері институты ұйымдастырған математикалық олимпиадада ерекше жетістікке жетті. Бұл олимпиада жас математиктердің білімін сынауға және олардың талантын ашуға арналған.
Биыл мектеп бітіруші Санжар мен Данабек білім жарысында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, айрықша нәтижеге қол жеткізді. Олар өздерінің терең ойлау қабілеті мен табандылығының арқасында жүлделі 1-ші және 2-ші орындарды иеленіп қайтты. Жеңімпаздарға 1,2 дәрежелі Дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Олардың бұл табысы мектептің абыройын асырып, өңірдегі үздік оқушылардың қатарын толықтырды.
Сағындықов Санжар – «Алтын белгіге» үміткер оқушы, Данабек болса, болашағын математикамен байланыстырған техникалық маман болуды жоспарлап отыр.
Осы орайда, жеңімпаздарды құттықтай отырып, оларға жаңа белестерді бағындырып, білім жолындағы ізденістері мен жетістіктері жалғасын таба беруіне тілектеспіз.

