Садыкова Бибигуль Хайруллақызы
Садыкова Бибигуль Хайруллақызы – Ақтөбе қаласы, «Д.Қонаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ директордың оқу ісі жөніндегі 1-санатты орынбасары, орыс тілі және әдебиеті мұғалімі , жоғарғы деңгейдегі жоғары санатты педагог-зерттеуші. Педагогикалық өтілі- 29 жыл. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі (1989-1994жж.)
Педагогикалық еңбек жолын 1994-1998жж. Ақтөбе облысы, Ойыл селосындағы Н.Крупская атындағы қазақ орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметінен бастаған. 1998-2011жж. Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, кафедра меңгерушісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметтерін атқарған. 2011-2014 жж. Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2014-2015 жылдары Ақтөбе қаласындағы «№29 орта мектеп» КММ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, директордың қызметін уақытша атқарушы. 2015-2016 жж. Ақтөбе қаласы М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. 2016 жылдың 1-қыркүйегінен бастап Ақтөбе қаласы №60 жалпы білім беретін орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.
Марапаттары:
- 2022 ж. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, «Мектептегі менеджмент»;
- 2022г. сертификат «BILIM CENTER» «PISA» бағдарламасы;
- 2022г. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы «Заманауи мектепте жас класс жетекші тұлғасын қалыптастырудың тиімділігі»;
- 2021ж. «Алғыс хат», Ақтөбе облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаменті, Ақтөбе қаласы;
- 2021ж. Облыстық пәндік олимпиада 2-дәрежелі Диплом, Ақтөбе Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы;
- 2021ж. «Алғыс хат», «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,
- 2020ж. Облыстық пәндік олимпиада 2-дәрежелі Диплом, Ақтөбе Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы;
- 2019ж. Облыстық пәндік олимпиада 2-дәрежелі Диплом, Ақтөбе Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы;
- 2019ж. «Құрмет грамотасы» ҚР Білім және Ғылым министрлігі, Нұр-Сұлтан қ.;
- 2019ж. «Алғыс хат» Ақтөбе қалалық білім бөлімі, Ақтөбе қ.
- 2017ж. «Алғыс хат» «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Астана қ.;
- 2017ж. 4-топтық республикалық олимпиадасында 2-дәрежелі Диплом, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы; Астана қ.,
- 2017ж. «Алғыс хат» Ақтөбе қаласы Әкімдігі,
- 2017ж. Республикалық пәндік қашықтық олимпиадасында 2-дәрежелі Диплом, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы; Астана қ.
- 2016ж. «Алғыс хат» Ақтөбе қалалық білім бөлімі, Ақтөбе қ.