2021 жылдың 1 қыркүйегінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс

2021 жылдың 1 қыркүйегінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында №60 жалпы білім беретін орта мектеп жанынан құрылған тәртіп сақшылары тобы Нұр Ақтөбе мөлтек ауданында түнгі рейд жұмысын жүргізді. Жұмыс тобы Нұр Ақтөбе мөлтек ауданында балалар мен жасөспірімдердің жиналуы мүмкін деген болжалды орындарды аралай отырып, кешкі мезгілде жүрген оқушыларға кешкі сағат 22:00ден кейін жүруге болмайтындығын ескертіп, оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары аталған іс-шара арқылы кәмелетке толмағандардың арасындағы заңбұзушылықты болдырмауды көздейді.