9,11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау – білім алушылардың жалпы орта білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Қорытынды аттестаттау негізгі және орта білім беру деңгейінің пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды. Білім алушылардың білімі, білігі, сондай-ақ, дағдылары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында күтілетін нәтижелермен анықталады.
Қорытынды аттестация тапсырмалары пән бойынша тест спецификациясына сүйеніп жасалады.
2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі №88 бұйрығы шыққан болатын. Осы бұйрыққа сәйкес Ақтөбе облысы білім басқармасының 2023 жылғы 18 сәуірдегі №173 бұйрығы, Ақтөбе қаласы білім бөлімінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі №129 бұйрығына сәйкес «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ бойынша 2023 жылғы 02 мамырда №198 бұйрығымен 9,11 кластарда қорытынды емтихан кестесі бекітілді.
Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 сынып оқушылары төрт пәннен емтихан тапсырады, оның біреуі таңдау пәнінен:
• қазақ/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер ана тілінен (оқыту тілі) жазбаша емтихан (эссе), гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);
• математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;
• орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқитын сыныптар қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан, қазақ тілінде оқытатын сыныптар орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан;
• таңдау пәндерінің бірі – физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілінен), шет тілі (ағылшын/ француз/неміс), информатикадан жазбаша емтихан.
Емтихан материалдарын білім басқармалары дайындайды.
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 11 сынып оқушылары бес емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсырады, олардың біреуі таңдау пәнінен:
• алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан;
• қазақ/орыс тілінен және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілінен (оқыту тілі) жазбаша емтихан;
• Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;
• орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен, қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан;
• таңдау – физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі), шетел тілі (ағылшын), информатика пәндерінің бірінен жазбаша емтихан.
Емтихан жұмыстарының материалдарын Назарбаев зияткерлік мектептері дайындайды.
Кімдер қорытынды аттестаттаудан босатылады?
Оқушылар келесідей жағдай болса емтихандардан босатылады:
Қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрықтар келесі құжаттар негізінде шығарылады:
Қорытынды аттестаттаудан жоғарыда көрсетілген жағдайлар бойынша босатылған оқушылардың білімі сол оқу жылының жылдық бағаcы негізінде бағаланады. Бұл санатқа жататын 9-кластың 3 оқушысы облыстық білім басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы №258 бұйрығымен қорытынды емтихандардан босатылды.
Ал емтихан кезінде ауырып қалған, дәрігерден анықтамасы бар оқушылар сауыққаннан кейін өткізіп алған емтихандарды тапсырады.
Жалпыға бірдей 9-сыныпта жазбаша жұмыстарды орындауға – 2 сағат, математикаға (жазбаша) – 3 сағат бөлінетін болса, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға, қажет болған жағдайда, қосымша уақыт беріледі. Оқушылар емтиханда бір-бірден жеке-дара отырады. Оларға мектептің мөртабасы басылған қағаз үлестіріледі. Қағазға жазып, емтихан біткен соң комиссияға өткізеді. Белгіленген уақыт ішінде аяқтай алмағандар сол қалпында тапсырады.
Оқушы жазбаша емтихан кезінде дәлелді себеппен сыныптан шығуына рұқсат, бірақ қағазын комиссия мүшесіне тапсыруы керек. Емтихан мен тестілеу аяқталғаннан кейін комиссия мүшелері мектеп ғимаратында оқушылардың жұмыстарын тексереді. Тексергенде қателердің астын сызады. Эсседегі қателердің саны жеке көрсетіледі.
Емтихан жергілікті уақытпен таңғы сағат 09.00-де басталады. Қорытынды аттестаттау нәтижелері балл түрінде журналға қойылады және емтихан бағасына ауыстырылады. Оқушы емтихан бағасымен келіспеген жағдайда, жазбаша өтініш жазып, мектептің комиссиясы мүшесінің қатысуымен жазба жұмысын тексеру нәтижелерімен танысады. Фактілерге негізделген өтінішті екі жұмыс күні ішінде қарайды.
Емтихан кезінде білім алушылар үшін келесі заттарға тиым салынған:
ұялы телефондаранықтама материалдарыоқулықтар мен басқа да әдістемелік әдебиеттер | сыртқы байланыс және басқа да электрондық құрылғылар (смарт-сағат) шпаргалкакалькулятор |
Емтихан комиссиясының міндеті қандай?
Қорытынды аттестаттау жөніндегі мектеп жанындағы емтихан комиссиясы (мектеп директорының 2023 жылғы 31 қаңтар №28 бұйрығы) құрамына пән мұғалімдері және мектеп директорының орынбасарлары, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналар комитетінің өкілдері кіреді. Комиссияны мектеп директоры басқарады. Комиссия міндеті:
Білім беру ұйымының міндеті:
9-кластардағы 233 түлектің 190 – қазақ класында, 43 – орыс кластарында. 3 оқушы емтихандардан босатылды, 1 оқушы ерекше білім беруді қажет ететін оқушы.
233 түлектің 24-і негізгі орта білім туралы «үздік» аттестатқа үміткер.