"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Облыстағы ҮЗДІК мектеп

Баланың ерекше қабілеттерін шыңдайтын бәсеке — пәндік олимпиада – ғылымның алғашқы басқышы, бала санасына ғылымның алғашқы ізденістерін қалыптастырып, болашақ ғалымдарды баулитын, ғылымға еркін бойлайтын жастарды қалыптастыратын ең үлкен және ең тамаша бағдарламалық бәсеке.

Биыл Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі үшін 9-11 класс оқушылары қатысқан пәндік олимпиада жоғары нәтиже берді. Ғылым негіздерін құрайтын, мектепте оқытылатын пәндер бойынша өткізілген республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп 2-орынға шықты. Облыстық кезеңге қатысқан 6 оқушы «Қазақ тілі және әдебиеті», «Орыс тілі және әдебиеті», «Биология», «Химия» пәндерінен оза шауып, жүлделі орындар иеленді. Қатысушыларымыз командалық есепте жоғары ұпай жинап, Ақтөбе облысы бойынша «Үздік жалпы орта білім беретін мектеп» номинациясын иеленді.

Өткен оқу жылдарындағы қорытындыларды қарасақ, олимпиаданың қалалық, облыстық рейтингтерінде Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп жүлделі орындардан қалыс қалған емес:

•        2018-2019 оқу жылында облыстан 3-орын,

•        2019-2020 оқу жылында облыстан 2-орын,

•        2022-2023 оқу жылында облыстан 2-орын.

Жыл сайын олимпиада бағытындағы жұмыстың жетіліп, оның нәтижелері артып келе жатқанын көруге болады. Ғылым негіздері бойынша оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау, олардың қалалық, облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып, жүлдегер атануы – пән мұғалімдерінің жылдар бойына жүргізетін үздіксіз еңбегінің нәтижесі. Осы орайда тәжірибелі педагогтар, жетекші мұғалімдердің дарынды оқушылармен жүргізген жұмысының маңыздылығын атап өту керек.

2021-2022 оқу жылында 11-класс оқушысы, «Алтын белгі» иегері Әуезханқызы Диана «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша ерекше дарындылығымен танылып, республикалық кезеңнің жеңімпазы атанды. Биыл да республикалық кезеңге жолдама алған оқушыларымыз бар.

Болашақ қазақ ғалымдары бүгінгі олимпиада жеңімпаздарынан шығады деген үміттеміз. Әрі олимпиада жеңімпаздарынан шыққан ғалым – ол болашақта қазақ ғылымына локомотив боларына сенімдіміз.