Ағымдағы жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақ прозасында өзінің ерекше қолтаңбасы бар, қаламынан таным тамшылары мөлдіреген қабырғалы жазушыТөлен Әбдікұлының шығармаларын тандап алынды. Аталған акцияны оқырмандар арасында таныстырып, шығармаларын талдау нәтижесінде «Қазақ прозасының пырағы» аттыәдеби talk шарасы 7-8 сынып оқушыларымен ұйымдастырылған болатын.
Шара барысында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының шығу тарихымен, Т. Әбдікұлының өмірбаянымен таныстырылып, оқырмандар Төлен Әбдіктің «Оң қол» психологиялық шығармасын мектеп оқырмандары бөліп талдады.
Шара соңында Мұрат Жүнісұлы «Төлен ағама» (арнау өлеңі) оқылып, қорытындысында оқырмандар ойын толықтыру үшін сұрақ қою арқылы жауаппен кері байланыс алынды.
Оқырмандар Т. Әбдіктің «Оң қол» психологиялық шығармасынан өте керемет әсер алып, қызушылық танытты. Басқа оқырмандар арасында да кеңінен талқылау жұмыстарына өз белсенділіктерін танытатынын әсермен жеткізе білді.