Өлең жазу – өз алдына бір өнер.Ол кез келген адамның қолынан келе бермейтін, ерекше қабілетті қажет ететін қасиет.Оқушының бұл қабілеті бейне бір басылмай қалған перне секілді. Егер саусақтың ұшы тиер болса, одан әсем әуен шығатыны секілді, әдемі ұйқаспен, терең мазмұнмен өрілген өлең сезіміңді селк еткізері сөзсіз. Осындай ерекше өнерді бойына сіңіріп, одан шабыт алып, шуағын шашып келе жатқан Д.Қонаев атындағы орта мектептің дарынды оқушысы Мақсотова Іңкәр Манарбекқызы республикалық “Абай оқуларының” қалалық кезеңінің 1-орын иегері атанып, облыстық байқауына жолдама алғанды.
Нәтижесінде, сол сәтте ақындық қабілетін таныту тапсырмасын сәтті орындап, жүлделі 3-орынды иеленді. Іңкәрдің әлі-ақ талай додаларды қанжығасына байлап, жеңісті де жемісті күндерінің көп болатынына
Жетекші ұстазы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кулынтаева Калка Мухамбетжановна кәміл сенеді. Қызу құттықтаймыз!