2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
2025 жылдың 6-8 қаңтар күндері жалпы негізгі пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Облыстық олимпиадаға қалалық кезеңде 1,2 орын алған 13 оқушы қатысты.
№ | Қатысушының Т.А.Ә | класы | пәні | Жетекшінің Т.А.Ә | ҚОРЫТЫНДЫ |
1 | Төлепберген Диана | 11В | Қазақ тілі мен әдебиеті | Бозшина А.Ж. | 1-ОРЫН |
2 | Сағиданова Арай | 10А | Қазақ тілі мен әдебиеті | Кужахметова А. С. | 2-ОРЫН |
3 | Ахмеджанова Диляра | 11Г | Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі | Сырбаева С. М. | 2-ОРЫН |
4 | Балабаева Арина | 10Д | Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі | Төлеухан Г. М. | 2-ОРЫН |
5 | Қуанышбай Инабат | 9И | Орыс тілі мен әдебиеті | Отарбаева Б. Ж. | 3-ОРЫН |
6 | Нугуметова Аида | 9Б | Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі | Байгутдиева С. А. | 2-ОРЫН |
7 | Қуанышғали Иманғали | 10А | Математика | Нургалиева К. А. | Алғысхат |
8 | Артурұлы Идрис | 11Б | Физика | Худайбергенов Н. М. | 1-орын |
9 | Марат Еркеназ | 10А | Физика | Қуанышбек А. Қ. | 2-ОРЫН |
10 | Утемис Абылай | 11Ә | Информатика | Пашанбай Е. С. | 3-ОРЫН |
11 | Райханова Айнұр | 10Б | География | Кеулова А М | 2-ОРЫН |
Қатысқаны | 1-орын | 2-орын | 3-орын | Алғыс хат | Жүлде саны | Жалпы сапа пайыз | динамика |
13 | 2 | 5 | 2 | 2 | 9 (69,2%) | 84,6% | +24,6% |
2 оқушы 1-орын, 5 оқушы 2-орын, 2 оқушы 3-орын, 2 оқушы алғысхат (4-орын) иеленді. Барлығы 11 жүлделі орын (бұл қатысқан оқушылардың 84,6% ).
Пәндік олимпиаданың ОБЛЫСТЫҚ кезеңдеріне талдау
Оқу жылдары | қатысқаны | қазақ т және әдеб | қазақ т (орыс кл) | орыс т және әдеб | орыс т (қазақ кл) | ағылшын тілі | тарих | құқық негіздері | математика | физика | информатика | химия | биология | география | жүлде саны, пайыз | команда-лық есепте |
2019-2020 | 6 | 2 | 1 | 3(50%) | 2-орын | |||||||||||
2020-2021 | 6 | 1 | 1 | 1 | 3(50%) | |||||||||||
2021-2022 | 8 | 2 | 1 | 1 | 1 | 1 | 6 (75%) | |||||||||
2022-2023 | 8 | 2 | 1 | 1 | 1 | 1 | 6 (75%) | 2-орын | ||||||||
2023-2024 | 16 | 3 | 1 | 1 | 1 | 2 | 8 (50%) | – | ||||||||
2024-2025 | 13 | 2 | 2 | 1 | 1 | 1 | 2 | 1 | 1 | 11 (84,6%) | 1-орын |
Облыстық кезеңдерге 6-8 оқушыдан қатысса, оның саны 2023-2024 о.ж. 2 есеге өскен. Командалық есепте 2019-2020, 2022-2023 оқу жылдары облыстағы жалпы білім беретін мектептер арасында 2-орындар алғанбыз. Былтырдан бастап гимназиялық мектептермен сынға түсіп келеміз. 2024-2025 оқу жылында оқушыларымыз 2 алтын, 5 күміс, 2 қола медаль , 2 алғыс хат алып, облыстағы инновациялық мектептер арасында 1-орынға шықтық. Былтырғы оқу жылына қарағанда +24,6% өскен.
Соңғы 3 оқу жылында бізде республикалық кезеңге қатысып, жүлделі орындар алдық. 2021-2022 о.ж. 2-орын (11-класс оқушысы Әуезханқызы Диана «Қазақ тілі және әдебиеті»), 2022-2023 о.ж. 2- орын (Менгель Арина 10-класс оқушысы «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі»), 2023-2024 о.ж. 1-орын Кәрім Аяулым 11-класс оқушысы «Қазақ тілі және әдебиеті»). Соңғы нәтиже бойынша Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы «Республиканың 100 үздік мектеп» қатарына енді.
Ынталандыру тетіктері. Пәндік олимпиаданың жылдан жылға маңыздылығы артып, жұмысының сапасы, оның нәтижелерінің едәуір өскені де айқын көрініп тұр. Бұл жерде бастысы, әрине жүйелі дайындық жұмыстарын ұйымдастыра білу және педагогтың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Дегенмен, нәтижелі еңбек жасап жатқан, олимпиада жеңімпаздарын қалалық, облыстық, республикалық деңгейге дейін жеткізген педагогтерге және жүлдегер оқушыларға мектеп әкімшілігі тарапынан олимпиадаға қатысуға ынталандыру тетіктері қарастырылғандығы да маңызды роль атқарады. Атап айтқанда, мектеп қаражаты есебінен олимпиада жеңімпаздарын шығарған педагогтерге ақшалай сыйақы тағайындалды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада 9-11 кл | 1-орын | 2-орын | 3-орын | 4-орын (алғыс хат) |
Қалалық | 100 000 тг | 80 000 тг | 70 000 тг | 40 000 тг |
Облыстық | 150 000 тг | 130 000 тг | 120 000 тг | 70 000 тг |
Республикалық | 200 000 тг | 190 000 тг | 180 000 тг | 100 000 тг |
Мектеп әкімшілігі мектептің гимназия статусын алып, олимпиадалық бәсекелестіктің өсуіне байланысты биылғы 2024-2025 оқу жылынан бастап сыйақы көлемін тағы да өсіру туралы педагогикалық кеңесте ұсыныс жасады:
Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада 9-11 кл | 1-орын | 2-орын | 3-орын | 4-орын (алғыс хат) |
Қалалық | 150 000 тг | 120 000 тг | 100 000 тг | 50 000 тг |
Облыстық | 200 000 | 180 000 | 150 000 | 100 000 |
Республикалық | 250 000 тг | 220 000 тг | 200 000 тг | 150 000 тг |
Сыйақы алған педагогтер саны | ||||
2022-2023 | 2023-2024 | 2024-2025 | Жалпы саны | |
қалалық | 14 | 24 | 28 | 64 |
облыстық | 6 | 8 | 11 | 25 |
республикалық | 1 | 1 | … | 2 |
Берілген сыйақылардың жалпы сомасы | 2 080 000 тг | 3 160 000тг | 4 930 000тг. | 10 170 000тг |
Педагогтерге ынталандыру ақшалай сыйақылармен қоса, жүлдегер оқушыларды да жеңіске жетелеу, оларға сенім білдіру үшін былтырғы оқу жылынан бастап облыстық олимпиадада жеңімпаз атанған оқушыларына мектеп қаражаты есебінен Алматы қаласына тегін жолдама берілді. 8 оқушы Алматы қаласына саяхаттап, Д.Қонаев мұражайында болып қайтты. Биылғы жеңімпаз 11 оқушы да Алматы қаласына жолдама алды.
Қорытынды: Жүйелі дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және педагогтың тынымсыз еңбегі — пәндік олимпиаданың шыңын бағындыруға қажетті ең негізгі критерий. Сол дайындықтың жүйесін дұрыс ұйымдастыра білу де педагогтен үлкен шығармашылықты талап етеді. Дарынды оқушыларды танып, оларды пәнге баулу, жеңіске ынталандыру – педагогтің міндеті. Пәндік олимпиаданың маңыздылығы мен оның жүлдесінің салмағын, әр педагогтің жұмысына баға беру, кері байланыс алу – осының бәрі жұмысымызды алға жылжытып, оң әсер береді. Олимпиада жұмысының 5 жылдық нәтижелерін талдай келе, бағытымыз дұрыс, жұмысымыз қанағаттанарлық болды деп қорытынды жасаймын.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Садыкова Б.Х.

