2024-2025 оқу жылында 9,11 сыныптарда мемлекеттік қорытынды аттестаттау шаралары туралы

«Орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 10 шілдедегі №174 бұйрығына емтихандар мерзімдеріне өзгерістер енгізілді.

          9-кластарда қорытынды мектеп бітіру емтихандары 29 мамыр -10 маусым аралығында; 11-кластар үшін мемлекеттік емтихандар 30 мамыр -16 маусым аралығында өтеді.

          Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9-сынып оқушылары төрт пәннен емтихан тапсырады, оның біреуі таңдау пәнінен:

  • математикадан жазбаша емтихан 2025 жыл 29 мамырда;
  • ана тілінен (оқыту тіліне сәйкес қазақ немесе орыс тілі) жазбаша емтихан (эссе) 2025 жыл 2 маусымда ;
  • таңдау пәндерінің бірі – физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілінен), шет тілі (ағылшын), информатикадан жазбаша емтихан 2025 жыл 2 маусымда;
  • орыс сыныптар қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан, қазақ тілінде оқытатын сыныптар орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан 2025 жыл 10 маусымда;

Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 11-сынып оқушылары бес пәннен емтихан тапсырады, олардың біреуі таңдау пәнінен:

  • Қазақстан тарихынан ауызша емтихан 2025 жыл 30 мамырда;
  • алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан 2025 жыл 4 маусымда;
  • ана тілінен (оқыту тілі) жазбаша емтихан 2025 жыл 9 маусымда;
  • таңдау – физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі), шетел тілі (ағылшын), информатика пәндерінің бірінен жазбаша емтихан 2025 жыл 12 маусымда;
  • орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен, қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан 2025 жыл 16 маусымда өтеді.

Емтихан материалдарын білім басқармалары дайындайды.