«Тоғыз айға тоғыз іс шара», «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасын жүзеге асыру мақсатында негізделген алты бағыттың аясында оқырман қауымға кеңінен танымал партизан жазушы Қасым Қайсеновтың «Мазмұндама» қоғамдық қорынан басылып шыққан «Жау тылындағы бала» повесін насихаттау міндеті жүктелген болатын. Себебі оның шығармашылығының басты өзегі-халықтар достығы. Автор бұл жинағында қарапайым совет адамдарының ерлік істерін нанымды да әсерлі баяндаса, оны көпшілік оқырманға ұтымды жеткізе білу біздің азаматтық парыз деп санадық. Сол себепті Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының медиа кітапхана оқу залы шығарма аясында түрлі шаралар өткізді. Атап айтар болсақ, 7 «Қ» сыныбының оқушылары Ерғазы Ерасыл мен Хайрулла Нұрдана «Менің сүйікті кітабым» атты тақырыпта интервью ұйымдастырса, 7 «Ә» сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.С.Кужахметова «Бинго» әдісі арқылы «Жау тылындағы бала» повесін жан-жақты талдатты. 9 «Б» сыныбында сынып сағаты өткізіліп, оқушылар шығарма желісін әсерлі баяндап берді.
Бала үшін бас ұстаз-ата-ана екенін ескерсек, жақсы ата-ана бола білу жауапты іс. Ал жауапты істің бірі де бірегейі білімді ұрпақ тәрбиелеу. Атап өту керек, «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасының «Оқы және өзгеге сыйла» бағыты аясында 7 «В» сынып оқушылары Бақтияр Сүйіндікұлы, Қонысбай Әділхан, Сейтжан Бақытжан, Умирбаев Арудың ата-аналары Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» кітабын өз балаларына сыйға тарту етті. Сондай-ақ, 9 «З» сынып оқушысы Кубишта Роза, Кәдір Анель, 9 «Ж» сынып оқушысы Тастенова А, 9 «Б» сынып оқушысы Салық А, 9 «З» сынып оқушысы А.Сайлаубай оқиға желісін қылқаламның күшімен шебер суреттеді.
Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы кітапхананың инстаграм парақшасына үзбей жүктеліп отырды.
Қуаныш Гүлдана Мұратқызы
«Д.Қонаев атындағы ЖББОМГ»
КММ кітапханашысы