"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

“Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі”

Қыз бала тәрбиесі  қай заманда да өзектілігін жойған емес және маңызы тек қоғам үшін ғана емес, жалпы ұлт үшін де ауқымы кең болды. Тәрбие біртұтастығында отбасымен қатар мектептің де алар орны ерекше екені белгілі.

Д.Қонаев атындағы орта мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мураталиева Индира Сериковна және қыздар “Шолпы” клубының жетекшісі Исенбаева Айсұлу, мектеп дәрігері Рамазанова Әйгерім Бекболатқызы, мектеп психологы Жадрасынова Салтанат Манарбековна  бірлесе 9-11 класс қыз балаларымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысы қыз бала болмысына қатысты ашық әңгімелермен өрбіп, тазалық, ерте жүктілік, қоғамдағы рөл турасында  пікрілер айтылды. Қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, пікірталас орнап, мектебімізге жаңадан  келген қыз балалармен жеке танысулар жүргізілді. Бірлесе ұйымдастырылатын іс-шаралар тізбектеліп, жоспарлы жұмыстар нақтыланды.

#Біртұтас_тәрбие